5 қыркүйек-Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл- барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке. Тілдер мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болған нәрсенің қуаттысы -тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Алқатерек орта мектебінде "Тіл мәртебесі-ел мәртебесі" атты салтанатты ашылуы басталды. Іс- шара барысында жоспармен таныстырылды. А.Байтұрсынұлының өмірбаяны мен шығармашылығына тоқталдық, тіл туралы үш тілде өлеңдер оқылды.
Все реакции:
Вы, Elya, Үлгілі Мектеп и ещё 5