1-қыркүйек – Білім күні мерекелік іс шарасының өтілуі туралы ақпарат
Алқатерек орта мектебінде 2022-2023 оқу жылының басталуына орай алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны болып өтті. Алғашқы қоңырау мерекесі 1-сынып бүлдіршіндері мен 11-сынып оқушыларын салтанатты түрде ортаға шақырумен басталды. Мерекелік іс шараны мектеп директоры Таменов Руслан Каматаевич мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді, оқушылар мен ата-аналарды құттықтау сөзімен бастады. Руслан Каматаевич өз сөзінде қазіргі таңда жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру - ұстаздар алдындағы үлкен міндет екенін атап көрсете отырып, биылғы оқу жылының ерекше екендігін айтты. Үш тұғырлы тіл саясатын іске асыру мақсатында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін дамытуға баса мән берілетіндігіне тоқталды. Сондай-ақ, 1- қыркүйек -Білім күні мерекесімен оқушылар мен мектеп ұжымын құттықтап ата-аналарды құттықтап кешіміздің қонағы Абильдин Ренат Ескендирович және Алқатерек ауылдық округі әкімі аппаратының бас мамаы , Байғожина Дана Сәрсенбайқызы сөз сөйледі. Салтанатты жиын оқушылардың мерекелік сазды бағдарламасымен жалғасты. Қоңыраудан соң барлық сынып оқушылары өз оқу сыныптарымен танысып, «Білімге ұмтылу , еңбексүйгіштік және отаншылдық » атты алғашқы білім күні сабағына қатысты.
Все реакции:Вы, Elya, Үлгілі Мектеп и ещё 29