"Мұражай мектеп айнасы"
Мұражай – әр елдің тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін танытатын құндылық. Қазіргі таңда, ерекше орын алып отырған, жастардың қызығушылығын туғызған тарихи-өлкетану және көркемөнер мұражайлары. Бүгінгі таңда, көптеген мектептерде мұражайлар ашу игі істердің бірі болып табылуда. Мектебіміздің мұражайында ауылымыздың елге еңбек сіңірген азаматтарымыздың және елінің болашағы үшін аянбай тер төгіп , тәуелсіздік алу жолында өз үлестерін қосқан азаматтарымыздың төсбелгілері , тарихи құндылықтары сақталуда. Мектебіміздің мұражайын жаңартып , күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген мектебіміздің 1990 жылғы мектебіміздің түлектеріне алғысымызды білдіреміз.